Атырау тұрғыны жол ережесін 65 мәрте бұзған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда шетелдік нөмір таққан көліктің жүргізушісі 65 мәрте жол қозғалысы ережесін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырауда орнатылған «Интер Цептер» жүйесі 2019 жылы Армения Республикасының нөмірін таққан Toyota Camry көлігі 65 рет ереже бұзғанын тіркеді. 30 жастағы Атырау тұрғыны жылдамдықты асырып, «стоп сызығын» кесіп өткен. Салдарынан есепте жоқ көліктің қайда екені анықталғанға дейін 800 мың теңгенің қомақты айыппұлы жиналып үлгерді», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратынша, өткен жылы облыс орталығының өзінде шетелдік нөмірмен жүрген 35 мыңға жуық көлік жол ережесін бұзған. Олардың иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, «Жолдағы қабылдау» акциясының бірінші күні шетелдік нөмірі бар көлік мінген 129 атыраулық ақыл-кеңес алу үшін полицияға жүгінген.




Соңғы жаңалықтар