Атырау тұрғындары психотропты препарат сатқан адамнан дәріні тартып алып, таптап тастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда психотропты дәрі-дәрмек сатумен айналысқан екі әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 қараша күні әлеуметтік желілерде тараған бейнетаспада екі жігіттің бірнеше қорап дәріні аяғымен таптап, жарамсыз етіп езіп жатқаны көрсетілген.

Бейнетүсірілім авторы және шамамен әлгі тапталған дәрінің иесі белгісіз ер адамды да таспаға түсірген. Аталған бейнетаспадағы дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді.

Атырау қаласының екі тұрғыны Вокзал маңы-5 ықшамауданында ер азаматтан 20 дана психотроптық дәріні тартып алып, аяғымен таптап, болған жайды бейнетаспаға түсірген және оны әлеуметтік желілерде таратқан.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері әлгі адамның 20 дана психотропты дәріні әйелінен алғанын, ал әйелге танысы - 1981жылы туған келіншек сатуға бергенін анықтады.

Бұл азаматшаның пәтерін тексеру барысында 1 дана психотропты дәрі табылып, алынды.

Екі азаматшаға қатысты жинақталған құжаттар медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды.



Соңғы жаңалықтар