Атырау полицейлері іздеуде жүрген 57 қылмыскерді ұстады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының полицейлері іздеуде жүрген 57 қылмыскердіұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы наурыз-қыркүйек айларында қылмыс жасағаны үшін айыпталып, алдын ала

тексеру, тергеу және сот органдарынан бой тасалап жүрген тұлғаларды іздестіру әрі ұстау,

із-түссіз жоғалғандарды анықтау мақсатында ТМД елдерінің аумағында «Іздестіру» бірлескен іс-шарасы өткізілді. Іздеуде жүрген 3 адамның Өзбекстанда, ал Ресей, Украина және

Молдова аумағында бір-бір қылмыскердің бой тасалағаны анықталды. Сонымен қатар, Ресей мен Өзбекстан құқық қорғау органдарымен бірлескен шарада іздеу жарияланғандардың жетеуі Атырау облысының аумағында жүргені белгілі болды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған қоса, атыраулық полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 29 тұлғаның 26-ның мекенжайын анықтап, оларды үйлеріне қайтарған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда нөмірсіз жүрген 200-ге жуық көлік анықталған

еді.



Соңғы жаңалықтар