Атырау полицейлері ерекше баланың туған күніне сыйлық жасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау полицейлері ерекше балақайдың туған күніне сыйлық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы әлеуметтік желіде баланың анасы Светлана Ли жазды.

Тәртіп сақшылары балақайды туған күнімен құттықтап ойыншық көлік сыйлады. Одан кейін баланы полиция көлігіне отырғызып қаланы аралатқан.

«Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ұжымына Алла разы болсын. Кішкентай ерекше сәбиіміз Абдурахим балақайды бүгінгі туылған күнімен құттықтап, арманын орындап сыйлығын беріп, қаланың ішін қыдыртып қайтты. Балақайдың қуанышында шек жоқ, көріп қуанып мәз болды. Осындай мүмкінділігі шектеулі жандардың жанын түсініп, жүректеріне мейірім ұялатып жанын түсінген сіздерге Алла сауаптан жазсын. Жұмыстарыңызға толағай табыс, отбасыңызға амандық тілеймін!», деп жазды баланың анасы.



Соңғы жаңалықтар