Атырау полицейлері адасып кеткен егіз ұлды отбасымен қауыштырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының полицейлері адасып 4 жасар егіз ұлдарды отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 24 қыркүйек сағат 17:00 шамасында «102» операторына Атырау қаласындағы Жұлдыз ықшамауданындағы үйдің бірінен егіз ұлдың жоғалғаны туралы хабар түскен.

«2016 жылы туған егіз ұл – Ернар мен Ернұр Ильясовтар үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ықшамаудан аумағын жіті тексерген полицейлер бір-бірімен рация арқылы ұдайы байланыста болды. Арада 2 сағат өткенде полиция капитаны Данияр Тайбуриев байланысқа шығып, Жұлдыз ауданындағы 6-көшеде адасып жүрген баланы тапқанын хабарлады. Ол - жоғалған егіздердің бірі Ернар болып шықты. Жарты сағаттан кейін полиция аға лейтенанты Қанат Испусинов Жұлдыз ықшамауданының шетінде орналасқан «Саванна» демалыс орнының артынан кішкентай баланы тауып алды. Оның Ернұр екені анықталды» деп хабарлады облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері егіз ұлды отбасымен қауыштырды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында із-түзсіз жоғалған КамАЗ жүргізушісі табылған еді.


Соңғы жаңалықтар