Атырау облысының Жолаушылар көлігі басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен бұл лауазымды Самат Қабайұлы Айтқалиев атқаратын болды.

Самат Қабайұлы 1972 жылы Атырау қаласында туған. Білімі жоғары, Алматы автожол институтын «инженер-құрылысшы» мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1994-1996 жылдары Атырау облысындағы жол-пайдалану учаскесінде жол жөндеу шебері болып бастаған. 2001-2005 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2005-2008 жылдары «Самнұр» ЖШС директоры, 2008-2010 жылдары «Нұржол» ЖШС директорының орынбасары болып еңбек еткен.

2011-2012 жылдары Атырау облыстық Құрылыс басқармасының құрылыс және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінде бас маманы, 2012-2013 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті лицензиялау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған. 2013-2014 жылдары Мақат ауданы әкімнің орынбасары, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары «Атырауинжстрой» ЖШС директорының техникалық орынбасары, бас инженері болған.

2019-2020 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-да сапаны бақылау бөлімінің бас маманы, 2020 жылдан осы тағайындауға дейін «Самұрық Қазына Девелопмент» ЖШС-де техникалық сүйемелдеу бөлімінің қадағалау жөніндегі сарапшысы болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының Бас архитекторы тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар