Атырау облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Жаңа орынға бұған дейін аймақ басшысының баспасөз қызметін басқарып келген Саламат Сабыр келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдегендей, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық мәдениет басқармасының жаңа басшысын аймақ активтерінің жиналысы кезінде таныстырған. Аймақ басшысы С.Сабыровтың бұл қызметке келуімен мәдениет саласында жағымды өзгерістер орнайтынына сенім білдірді.
null

С.Сабыров Қостанай мемлекеттік университетін, сондай-ақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Филолог және экономист мамандықтарының иесі. Атыраудағы бірқатар республикалық телеарналардың меншікті тілшісі, «Қазақстан» РТРК ақпараттық бағдарламаларының тілшілік нысандары дирекциясында аға редактор, «Қазагромаркетинг»  АҚ баспа және электронды ресурстар департаментінің журналист-үйлестірушісі қызметтерін атқарды.
null

«БАҚ саласының үздік қызметкері», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған. 

Соңғы жаңалықтар