Атырау облысының Исатай ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Исатай ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісіміне сәйкес, облыс әкімінің өкімімен Полымбет Хасанов Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Полымбет Максимұлы 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығымен бітірген.

2002-2005 жылдары облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген. 2005-2006 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман, 2006-2010 жылдары облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы, 2010-2014 жылдары Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары болған.

2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары, 2019 жылдан бері облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Махамбет ауданының әкімі тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар