Атырау облысындағы кәсіпорын 700 млн теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 700 миллион теңгеден астам жасырылған салық бюджетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті нақты жұмыстар орындалмай және қызметтер көрсетілмей шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактісін анықтады.

«Облыс кәсіпорындарының бірінің басшысы 2015-2019 жылдар кезеңінде 700 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Аталған факт салықты тексеру материалдарымен расталған. Қазіргі таңда салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, мемлекетке келтірілген залал өтелді», делінген хабарламада.

Ведомство салық төлеуден жалтару фактілері мәлім болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне: 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне: 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар