Атырау облысында жыл басынан бері 23 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 23 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мемлекеттік бағдарламалар аясында ашылған жұмыс орындары «Интеграциялық жұмыс орындарын құру» ақпараттық жүйесімен қамтылған.

«Атырау облысында биылғы жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуының нәтижесінде жұмыспен қамтылғандардың саны артып, 23 011 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 12 346-сы – тұрақты, 10 665-і уақытша – жұмыс орындары. Мәселен, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 8 220 адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, жұмыспен қамту жол картасы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», өңірлерді, туризмді, агроөнеркәсіп кешенін, ғылым мен білімді дамыту, бизнестің жол картасы, индустриялық-инновациялық даму, цифрлы Қазақстан, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламаларымен 1 376, жеке бастамалар мен шағын және орта бизнесте, өзге бағадарламалар арқылы 13 415 жұмыс орны құрылды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 558 шетелдікті жұмысқа тартуға рұқсат берілмегенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар