Атырау облысында жыл басынан бері 18,6 мың адам жұмыс іздеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 18 693 адам жұмыс іздеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жұмыспен қамту орталықтарына 18 693 адам жүгінген.

«Басқарма мамандары тұрақты жұмыс орындарына тұрақты мониторинг жүргізеді. Бұл жұмыс іздеген тұрғындардың арасынан 16 871 адам жұмысқа орналастырылуға бағытталды. Бұдан бөлек, 19 386 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Соның нәтижесінде 10 525 тұрғын тұрақты жұмыс орындарына, 374-і әлеуметтік жұмысқа, ал, 627-сі жастар тәжірибесіне тартылды. Сондай-ақ, 5 345 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда шетелдік жұмысшыларға берілген рұқсат кері қайтарылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар