Атырау облысында жұмысшы колонияға көп мөлшерде телефон кіргізбек болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті  колонияға көп мөлшерде ұялы телефондарды кіргізбек болғандардың әрекеті туралы мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау облысында колония аумағына енгізу кезінде көп мөлшерде ұялы телефондар, құлаққаптар, қуаттандырғыштар мен сим-карталар алынды», - делінген хабарламада.

Тексеру бөлмесінде рентген құрылғысынан көлемі 1,5*1,5 метр, қалыңдығы 3 сантиметр ағаш фанераны өткізу кезінде тыйым салынған заттар анықталған. Ағаш фанераның ішінен 27 дана ұялы телефон, құлаққап, қуаттандырғыш пен сим-карта табылған.

Аталмыш тыйым салынған заттарды нысан аумағына жеткізбек болған «Еңбек - Атырау» РМК жұмысшыларының бірі Атырау ІІБ тергеу-жедел тобына түсінік берген. Бұл факті Ақпаратты тіркеу кітабына тіркелді. 

Соңғы жаңалықтар