Атырау облысында жол апатынан 7 адам зардап шекті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Доссор-Атырау трассасында екі көлік соқтығысып, оның салдарынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Lada Largus пен Lexus маркілі көліктері соқтығысып, екі көліктің де жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді.

«Зардап шеккендердің үшеуі басынан жарақат алып, ішкі органдары зақымданып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қазіргі таңда олардың біріне хирургиялық операция жасалып жатыр, екіншісін операцияға дайындап жатыр, үшіншісі қатаң бақылауда. Қалғандары алғашқы медициналық көмектен соң амбулаторлық ем алуға жіберілді»,-деп хабарлады жарақат бөлімінің меңгерушісі Асхат Бисенғалиев.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында тағы екі көліктің соқтығысуымен 7 адам зардап шеккен болатын. Жол-көлік апаты Атырау-Орал бағытындағы жол бойында, Бейбарыс ауылының маңында болды.

Бұл жерде үлкен жылдамдықпен келе жатқан Lada Largus пен Нива көліктері соқтығысып, жол шетіне шығып кетті. Абырой болғанда олар аударылып немесе жарылған жоқ.

Автор: Андрей Соколов


Соңғы жаңалықтар