+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді

2021 жылғы 21 қыркүйек 15:22
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Орындықта ұйықтауға мәжбүр: Елорданың балалар ауруханасындағы жағдайға түсінік берілді Психикалық ауытқуы бар: Таразда ер адам ойнап жүрген баланы соққыға жықты Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, көлік өрті кеше, 20 қыркүйекте сағат 18:42 шамасында болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне «Атырау-Индер» тас жолындағы Бесікті ауылының тұсында жанар-жағармай тасымалдайтын көлік өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер сыйымдылығы 23 тонналық жүк көлігінің кабинасы толық өртенгенін анықтады. Жалын сағат 19:09-да оқшауланып, сағат 19:13-те сөндірілді. Өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 8 қызметкері мен 2 көлігі жұмылдырылды. Көліктің өртенуіне электр жүйесінің қысқаша тұйықталуы себеп болған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда тұрғын үйдің шатыры, кейіннен екі қабатты мансардты үй өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT