Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген 9 шетелдік ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген 9 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, шетелдіктер Қызылқоға ауданында заңсыз жұмыс істегені анықталған.

«Өңірде 1 қыркүйектен бері «Учаске» жедел профилактикалық ​ іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шара кезінде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен шалғай елді-мекендер мен қыстақтарды тексеру жүргізді. Тексеру кезінде алыстағы қыстақтарда тіркеусіз жүрген Қазақстан Республикасының 12 азаматы анықталды. Сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеген 9 шетелдік ұсталды. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 492-бабымен, жұмыс беруші тұлғаларға аталған құжаттың 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 459 шетелдікті жұмысқа тартуға рұқсат беруден бас тартылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар