Атырау облысында заңды тұлғаларға жылу тарифінің бағасы көтерілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Жаңа жылдан бастап Атырау облысында заңды тұлғаларға тариф бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтың табиғи монополияларды реттеу департаментінде мәлімдегендей, 1 қаңтардан бастап жылу тұтынатын заңды тұлғалар екі топқа бөлінген: бюджеттік мекемелер мен басқа да тұтынушылар. 2020 жылдың 1 қаңтарынан «басқа тұтынушар» тобындағыларға орташа айлық тариф Гкалына - 13 157, 28 теңге (өсім - 7%). Сонымен қатар, жылу есептегіші бар тұтынушыларға - 11 887,41 теңге (өсім - 7%), жоқтарға - 19 735,93 теңге (өсім - 7%). Ескі, апатты ғимараттар мен барақ тәрізді салынған үйлерге орташа тариф - 13 157,28 теңге (өсім - 13%).

Бюджеттік ұйымдар үшін орташа тариф Гкалына 13 526, 17 теңгені құрады. Жылу есептеуіші барларға - 12 220,7 теңге, өсім 10%. Есептеуіші жоқтарға – 20 289,27 теңге (өсім 10%). Жылу есептеуіші жоқ ескі, апатты ғимараттар мен барақ түрінде салнған үйлердегі орташа баға - 13 526, 17 теңге (өсім - 6%).

Естеріңізге сала кетейік, Жаңа жыл қарсаңында Атырауда жылу энергиясы тарифінің өсуіне байланысты тұрғындарға қоғамдық тыңдаулар өтуі керек болатын. Бірақ монополист қажетті құжаттардың барлығын ұсына алмағандықтан тоқтатылды.

Автор:А. Соколов



Соңғы жаңалықтар