Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 230 мыңнан астам адам алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 230 мыңнанастам адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен

тәулікте Сovid-19-ға қарсы вакциналардың I компонентін 377 адам салдырған.

«Атырау облысында биылғы 1 ақпаннан бері 250 597 адам коронавирус инфекциясына

қарсы вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін алған

адамдардың саны 231 143-ті құрап отыр. Сондай-ақ, өңірде 612 адам Pfizer екпесін

салдырды. Оның ішінде 18 жүкті әйел, бала емізетін 312 ана мен 12-18 жасқа дейінгі 282

жасөспірім бар», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 300-ден астам адам

ревакцинациялаудан өткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар