Атырау облысында вакцина салдырған адамдар саны 44 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцина салдырған адамдар саны 44 мыңнан асты, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырауда демалыс күндері – 15-16 мамырда 812 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алған.

«Биылғы 1 ақпан-17 мамыр аралығында 44 707 адам «Спутник V», «Qazvac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырды. Вакциналардың II компоненті 14 486 адамға егілді. Қазір өңірде 36 стационарлық, 10 жылжымалы вакциналау бекеті жұмыс істейді» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 40 мыңға жуық адам вакцина салдырғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар