Атырау облысында үш күнде жол ережесі 1800 мәрте бұзылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үш күнде көлік жүргізушілері жол ережесін 1839 рет бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлметінше, соңғы үш күнде шаһарда «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілген.

«Жалпы, үш күндік акция кезінде облыста 1839 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 366 - жылдамдықты арттыру, 288 - қауіпсіздік белбеуін тақпау, 174 - көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану деректері. Сондай-ақ, техникалық байқаудан өтпеген 100 көлік анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда нөмірсіз жүрген 200-ге жуық көлік анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар