Атырау облысында төтенше жағдай режимін бұзған сауна иесі қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында төтенше жағдай режимін бұзудың 108 дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректердің арасында молырақ табыс табуды көздеген тұлғалар бар болып шықты. Мәселен, бір саунаның иесі карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастыра берген. Сот шешімімен сауна иесі бес тәулікке қамалды.

Ал, Исатай ауданында шектеу шараларына байланысты бекітілген уақыттан тыс кезде қонақ қабылдаған дәмхананың жұмысы әшкереленген. Мұндай дерек Атырау қаласындағы асханалардың бірінде де анықталған. И.Тайманов көшесінде орналасқан асханаға келушілердің арасынан 6 адамға әкімшілік іс қозғалған.

«Өйткені, олар қоғамдық орында мас күйде болғаны,е полиция қызметкеріне бағынбағаны үшін жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ, блокпосттарды айналып өтуге қатысты 10 дерек тіркелді. Қазіргі таңда 86 әкімшілік іс бойынша сот шешімі шықты. Ал, 22 әкімшілік іс қаралып жатыр», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.


Соңғы жаңалықтар