Атырау облысында тағы екі адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Облыстық аурухана медбикесі мен пациент коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша, Облыстық емхананың 34 жастағы медбикесі мен 21 жастағы пациенті 1 сәуір күні түнде коронавирус індетімен емханаға жатқызылған 28 жастағы әйелмен байланыста болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта олар инфекциялық бөлімшеде ем алып жатыр, денсаулық жағдайлары қалыпты.

Еске сала кетсек, Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны ЖРВИ белгілерімен облыстық аурухананың медицина қызметкерлеріне жүгінген. Талдау нәтижесі әйелдің Covid-19 жұқтырғанын растады. Науқаспен байланыста болғандардың барлығы оқшауландырылды, медицина мекемесінің ғимараты дезинфекцияланды.


Соңғы жаңалықтар