Атырау облысында сырқаттар жатқан 730 инфекциялық төсек-орын босады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық төсек-орын 30 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны төмендегені байқалған. Мәселен, өткен тәулікте 24 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.

«Атырау облысында 15 қыркүйектен бері облыстық ауруханада, кардиоорталықта, екі жатақханада, теміржол ауруханасында орналасқан бес инфекциялық стационар жабылған еді. Кейін қазан айының басында фтизиопульмонологиялық орталық базасында жұмыс істейтін инфекциялық стационар жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындар саны 30%-ға, нақтысында 2 352-ден 730 орынға дейін қысқарды», делінген хабарламада.

Қазір модульдік ауруханада – 99, №2 облыстық ауруханада – 6, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 33 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 73 пациент жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында бір күнде 48 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар