Атырау облысында соңғы үш жылда 1,5 мың бала вакцина алмаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Соңғы үш жылда Атырау облысында 1,5 мыңнан астам бала екпе алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылы екпеден бас тартқандар саны - 484 болса, 2018 жылы - 502, ал 2019 жылы – 509 адамға жетті. Бас тартушылардың көбі облыс орталығында – 1063, одан кейін Жылыой (151) және Құрманғазы (105) аудандары тұр. Ата-аналардың екпеден бас тартуына түрлі себептер бар. Бірінші кезекте діни себеппен салдырмау немесе вакцина бала денсаулығына зиян деген оймен бас тарту жиі кездеседі. Елімізде балалар туғаннан 16 жасқа дейін екпенің 13 түрін алуға тиіс. Оның ішінде қызылша, қызамық, паротит, гепатит, туберкулез сияқты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар бар», - дейді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Айта кетейік, өткен жылы ата-аналармен жүргізілген түсіндіру жұмысынан кейін 97 адам райынан қайтып, баласына екпе салуға рұқсат берген.

Еске сала кетейік, Атырау облысында жыл басынан бері 15 адам қызылша жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар