Атырау облысында шекарашылар 50 мың түп қарасора өртеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында шекарашылар 50 мың түп қарасора өртеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің Құрманғазы ауданындағы қызметкерлері Сафон ауылдық округінің аумағында 3 гектарға өсірілген есірткі алқабын анықтаған.

«Есірткі алқабында 50 мың түп қарасора өсімдігі өсірілген. Бұл бейжай қарайтын жайт емес. Әсіресе, 20-35 жас аралығындағы жастардың есірткі өнімдеріне қызығушылық танытуы түйткілді мәселе айналып отыр. Құрманғазы ауданында есірткі өнімдерін сатуға қатысты 6 қылмыс тіркелген. Сол себептен, есірткі өнімдерін тамырынмен жойып, контрабандалық қылмыстардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді»,- дейді Шекара қызметі Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Өмірбат Айтәлі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар