+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Атырау облысында полипропилен өндіретін кешен салынып жатыр

2019 жылғы 19 желтоқсан 18:12
Бөлісіңіз:
Атырау облысында полипропилен өндіретін кешен салынып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – Атырау облысында Арнайы мұнай-газ химия аймағына кіретін полипропилен өндірісі бойынша кешен салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазығұртта жылына 1100 тонна кеспе өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының мүмкіндіктерімен танысты ТОП-10: Қазақстандықтар қандай көліктерді жиі сатып алады

«Атырау мұнай өңдеу зауытында 2018 жылдан бастап хош иісті көмірсутектер (бензол, параксилолды) өндірісі басталды. Биыл бензол мен параксилол өндіру көлемі 125 мың тоннадан асады. Сонымен қатар, осы жылы тамыз айында Алматы облысында жағармай шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Оның қуаты - жылына 100 мың тонна. Осы өндіріс ішкі нарықтың жағармайға деген қажеттігін жабуға және жақын шетелге оны экспорттауға мүмкіндік береді», - деді Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, саланы дамытуға инвестиция тарту үшін Атырау облысындағы Арнайы мұнай-газ химия аймағына мемлекеттік қолдау көрсетілуде.

«Арнайы мұнай-газхимия аймағында қуаты 500 мың тонналық полипропилен өндіретін кешен салынып жатыр. Полипропилен жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 44 пайыз орындалды. Теміржол инфрақұрылымы, іргетас салу жұмыстары толық аяқталды. Бүкіл жабдыққа тапсырыс беріліп, олар жартылай жеткізілді. Құрылыс алаңында шамамен 1 700 қазақстандық азамат жұмыс істейді. Жоба 2021 жылы аяқталады», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT