Атырау облысында полиция қызметкері адам қағып, оқиға орнынан қашып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында полиция қызметкері адам қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Исатай ауданы Зинеден ауылы маңындағы автожолда аудандық полиция бөлімінің қызметкері «Ауди-А6» көлігімен жұмыстан тыс уақытта жолаушыны қағып кетті. Содан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Апат салдарынан 25 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес, байқаусызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазалауды қарастыратын сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 347-бабы бойынша жол апаты орнынан кетіп қалу дерегі де тексеріледі.

Жол апатына кінәлі тұлғаға қатысты қамауға алу шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар