Атырау облысында наурыздан бері 12 мыңға жуық нәресте дүниеге келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында наурыздан бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл көрсеткіш былтырғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 538 сәбиге көп.

«Биылғы 1 наурыздан бері 11 794 бала көмірге келді. Тәуліктік орташа есеппен күніне 25 ана босанды. Коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30 кереуеттік, Атырау қалалық перзентханада 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталды. Коронавирус инфекциясы анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дегенмен, жүкті әйелдердің балаларын ан қауіпті инфекция анықталған жоқ


Соңғы жаңалықтар