+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Атырау облысында қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келген

2021 жылғы 26 ақпан 15:30
Бөлісіңіз:
Атырау облысында қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтыр қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
2025 жылы ел халқы 100 пайыз сумен жабдықтауға қол жеткізеді Нұр-Сұлтан көшелері арнайы сусабынмен жуылады Ақпанда із-түзсіз жоғалған атыраулық жігіттің денесі табылды

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов мәлім етті.

Оның айтуынша, экологиялық заңнаманы сақтауға байланысты 83 тексеру жүргізіліп, 91 әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде 73 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 96 017 000 теңгеге әкімшілік айыппұл түрінде қаулы шығарылып, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам құрайтын қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 106 ұйғарым ұсынылған.

«Былтыр «I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» бойынша 252 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 182 жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріліп, 57 жобаға экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты теріс қорытындылар берілді. 13 жоба алдын-ала сараптамамен кері қайтарылды. «I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру» бойынша 71 қызмет көрсетілді. 53 өтінішке қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беріліп, 15 өтінімге рұқсат беруден бас тартылды», - деді Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Сондай-ақ, экологиялық заңнама бұзған 244 дерек тіркелген.

Еске сала кетелік, бұған дейін «Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 726 млн-нан астам теңге өндірілгенін хабарлағанбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT