Атырау облысында коронавирустан бір тәулікте 109 адам жазылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында бір тәулікте коронавирустан 109 адам жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін қауіпті індеттен 109 адам айығып шыққан.

«Емделген науқастардың ішінде Теңіз кенішінің 104 жұмысшысы, 1 медицина қызметкері, Астрахан қаласынан келген 1 студент бар. Сондай-ақ, Түркістан қаласының 2 және Атырау қаласының 1 тұрғыны да отбасына оралды. Бұл пациенттерден алынған тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Қауіпті індеттен айыққандардың барлығы өздерін жақсы сезінеді», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандардың жалпы саны 746 адамға жетті.

Бұдан бұрын Атырауда індеттен екі адам қайтыс болғанын, оның бірі үйінде бір апта жатып қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар