Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер көбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусқа шалдыққан 41 адам анықталған.

Оның ішінде 25 науқас Атырау қаласында тіркелген.

Ал, Теңіз кен орнында – 9, Жылыой ауданында – 3, Исатайда – 1, Құрманғазыда – 2, Мақат ауданында 1 адамнан коронавирустың белгісі табылған.

«Өңірде 312 адам үй жағдайында ем-дом шарасын алып жатыр. Модульдік ауруханада – 91, Теңіз кенішіндегі стационардарда – 71, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 36, ал, №2 облыстық ауруханада 14 пациент оқшауланған. Сондай-ақ, 25 жүкті әйелдің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Қазір оның 11-і инфекциялық стационарларда, 14-і амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Бұған қоса, 104 балаға қауіпті вирус диагнозы қойылды. Үш бала стационарларда, 101 бала үйінде емделуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 97 бала коронавируспен ауырып жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар