Атырау облысында коронавирус жұқтырған 6,5 мың адам оқшауланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 572 науқас оқшауланды. Оның ішінде инфекциялық стационарларда 1 588, ал, үй жағдайында 4 984 пациент емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 2 тамызда 406 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Оның ішінде Атырау қаласында 256 науқас тіркелген. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 64 науқас анықталған.

Қауіпті вирустың таралуы өңірдің 7 ауданында да байқалып отыр. Мәселен, Жылыой ауданында 34, Индерде – 11, Қызылқоғада – 11, Исатайда – 10, Құрманғазыда – 10, Махамбетте – 7, Мақат ауданында 3 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

Өткен тәулікте 246 адам сауығып шыққан.

«Қазір 4 984 адам үй жағдайында ем-дом қабылдап жатыр. Аудандардағы инфекциялық стационарларда – 412, Теңіз кен орнындағы стационарда – 344, модульдік ауруханада – 201, №2 облыстық ауруханада – 199, теміржол ауруханасында – 111, кардиологиялық орталықта – 102, фтизиопульманология орталығында – 86, облыстық ауруханада 45 науқас емделуде. Ал, инфекциялық стационар үшін дайындалған жатақханаларда 88 пациент оқшауланды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар