Атырау облысында көмір тиелген жүк көлігі өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көмір тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, жүк көлігінің тіркемесі кеше, 16 мамырда Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылының маңында өртенген.

Өртті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары сөндірген. Жүк көлігінің «Ава Транс Логистик» компаниясына тиесілі екені анықталған. Көлікке тиелген көмірді Маңғыстау облысына жеткізу көзделген.

Жүк көлігіндегі өрттің шығу себебі анықталуда.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар