Атырау облысында көліктері батпаққа батқан бірнеше адам құтқарылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында батпаққа батып қалған екі көліктегі 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі көлік те кеше, 24 наурызда далалық жолдағы батпаққа батып қалған.

«Таңертеңгі сағат 08:25-те «NIVA» көлігінің Мақат ауданындағы Доссор кентінен 35 шақырым жерде орналасқан «Сармайшағыл» участогінің маңында батпаққа батқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Мақат ауданындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің 3

қызметкері жетіп, батпаққа батқан көлікті шығару жұмысын жүргізді. «NIVA» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы Доссор кентіне жеткізді. Ал, кешкі сағат 20:42-де Атырау қаласының іргесіндегі Новокирпичный ауылынан 25 шақырым жердегі «Көшкінбай» қыстағының маңында «Toyota Hilux» маркалы автокөлігі де батпақты жолда қалғаны

анықталды. Аталған автокөліктің жүргізушісі мен 3 жолаушысы Атырау қаласына аман-есен жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Төтенше жағдай қызметкерлері мен экологтер Каспий

теңізіне әуеден барлау жүргізгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар