+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Атырау облысында кәсіпкер тегін медқызметтерге бөлінген қаражатты жымқырған

2021 жылғы 22 қаңтар 10:06
Бөлісіңіз:
Атырау облысында кәсіпкер тегін медқызметтерге бөлінген қаражатты жымқырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Атырау қаласында екі кәсіпорынның директорына қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Ұқсас жаңалықтар
Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды Қарағандыда түрмеде жазасын өтеп жатқандар көпбалалы аналарға сыйлық табыстады

Комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, компаниялардың басшысы қызмет бабын пайдалана отырып, «Денсаулық» - «Тегін медициналық қызмет көрсету» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на бюджеттен бөлінген 16,8 млн. теңгеден астам қаражатын жымқырған.

Келтірілен залал Атырау облысының Сот сараптамасы институтының қорытындысымен расталды. Келтірілген залалдың соммасы өтелмегендіктен, күдікті тұлғаның мүлкіне тоқтам салынды.

«2020 жылдың 4 желтоқсанында Атырау қаласы №2 сотының үкімімен аталған азаматша кінәлі деп танылып, оған қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT