Атырау облысында КамАЗ жүргізушісі жоғалып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Индер ауданында КамАЗ көлігінің жүргізушісі жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 қыркүйекте КамАЗ көлігінің жүргізушісі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала елді мекенінен Атырауға қарай жолға шыққан. Жүргізушінің жасы – 42-де, Атырау қаласының тұрғыны. Көлігімен мал тасымалдаған. Туыстары оның Индер ауданындағы Өрлік ауылдық округіне

қарасты «Мамық» аталатын жерге жеткені туралы хабар алған. Алайда, кейін сол жерде

тұрған КамАЗ табылған. Алайда, көлікте жүргізуші де, мал да болмаған.

«Бүгін, 23 қыркүйекте сағат 06:00-де жоғалған жүргізушіні іздеу басталды. Іздестіру жұмысына Индер аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен төтенше жағдай департаментінің 3 қызметкері, сондай-ақ жүргізушінің туыстары жұмылдырылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда із-түзсіз кеткен жылқышының денесі терең

шұңқырдан табылған еді.


Соңғы жаңалықтар