Атырау облысында із-түзсіз жоғалған КамАЗ жүргізушісі табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Индер ауданында із-түзсіз жоғалған КамАЗ жүргізушісі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғалған жүргізушіні іздестіру кеше, 23 қыркүйекте басталған еді. Оған Индер аудандық полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, туыстары жұмылдырылды.

«Бүгін, 24 қыркүйекте жоғалып кеткен КамАЗ көлігінің жүргізушісі Индер ауданындағы «Көк ат» шаруа қожалығы орналасқан учаскеге таяу маңнан аман-есен табылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар