Атырау облысында ит талаған сәбидің жағдайы жақсарды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ит талап ауруханаға түскен екі жасар бала үйіне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей,

облыстық балалар ауруханасында ем қабылдаған екі жасар сәбидің жағдайы жақсарды.

Аталмыш аурухананың дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, 2 жасар сәби аурухананың жарақат бөлімінде апта бойы ем алды.

«Таңылған жара орындары жазылған соң, тігістерін алдық. Баланың бас сүйегін компьютерлік томографияға түсірдік. Қазіргі уақытта бала үйінде. Хирургиялық өңдеу орындарына үй жағдайында анасы күтім жасап тұрады. Учаскелік дәрігердің бақылауында болады», - деді емдеуші дәрігер Жақсылық Мағзомов.

Еске салайық, 18 қараша күні Атырау қаласындағы Жұлдыз ықшамауданында 2018 жылы туған баланы ит талаған болатын. Сәби дереу ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысында 15-22 қазан аралығында 9 баланы ит қапқан.





Соңғы жаңалықтар