Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар саны 4 есеге азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәлім етуінше, былтырңы наурыздан бері 49 762 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. Бүгінге дейін науқастардың 94%-ы сауығып шыққан.

«Қазір инфекциялық стационарларда 433 науқас емделіп жатыр. Стационарлардағы төсек-орын жүктемесі 18,4%-ды құрады. Бұдан бір ай бұрын инфекциялық стационарда 1 776 науқас емделген еді. Сол кездегі көрсеткішпен салыстырсақ, коронавирус инфекциясымен ауырған науқастар саны 4,1 есеге азайды. Сондай-ақ, соңғы бір айда амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар саны 8 693-тен 1 534-ге, яғни 5,6 есеге азайды» -дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, бүгінге дейін өңірге вакциналардың І компоненті үшін 248 330, ал, ІІ компонентіне арналған 211 330 доза жеткізілген. Қазір өңір тұрғындарының 72,5%-ы екпе алып үлгерген.

«Вакциналауға байланысты жоғары көрсеткіш Атырау қаласында тіркеліп отыр. Мұнда вакцина алуы тиіс адамдардың 80 пайызы екпе салдырды. Бұл көрсеткіш Құрманғазы ауданында 65, Махамбет ауданында 52,7, ал, Жылыой ауданында 36,2 пайызды құрап отыр» -деп мәлім етті басқарма басшысы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында екі күнде 1 264 адам вакцина салдырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар