Атырау облысында инфекциялық стационарларда 1 549 науқас жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында инфекциялық стационарларда 1 549 науқас жатыр. Соңғы 10 күнде науқастар саны 24%-ға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәліметіне сүйенсек, өңірдегі инфекциялық стационарлардағы жүктеме 51,4%-ды құрап отыр.

«Былтырғы наурыздан бері 35 377 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қазір инфекциялық стационарларда 1 549 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 102 жүкті әйел, жас босанған 4 ана, 18 жасқа дейінгі 13 бала бар. Атырау қаласындағы стационарларда жүктеме 72% (847 науқас), аудандардағы стационарларда – 81% (392) Теңіз кен орнындағы стационарда 23%-ды (310) құрады. Соңғы 10 күнде инфекциялық стационарларда жатқан науқастар саны 24%-ға өсті» -дейді Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау қаласында карантин шектеуі күшейтілетінін, кейін облыс әкімі тұрғындарға үндеу жасағанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар