Атырау облысында халық санағын жүргізуге 168,8 млн теңге бөлінді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында халық санағын жүргізуге 168,8 млн теңгебөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық статистика департаментінің басшысы Галя Мұханғалиеваның мәліметінше, өңірде халық санағын өткізу үшін республикалық бюджеттен 193 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.

«Биыл аталған қаржының 168,8 млн теңгесі бөлінді. Оның 146,6 млн теңгесі санақ персоналына жалақы ретінде төленеді», -дейді Галя Аманғалиева.

Оның айтуынша, облыста халық санағын жүргізетін персональ құрамына 207 адам тартылған. Олар жеке қорғаныш құралдарымен қамтылған.

«Атырау қаласы әкімдігі ұлттық халық санағын жүргізетін адамдарға қолдау көрсеткелі отыр. Бұл – санақшылардың шаһар аумағында қатынайтын қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдігі» - дейді Г.Аманғалиева.


Соңғы жаңалықтар