Атырау облысында электр беру желісіндегі ақау неден шыққаны анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында электр қуатын беруде ақау неден болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«КЕГОК» АҚ-ның Атырау облысы батыс өңірлік филиалының директоры Константин Чернохаевтың айтуынша, кеше, 10 қаңтарда кешкі мезгілде электр желісінің 220 кВЛ-254-Орал-Индер, Л-201-Атырау-Индер және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның 2 генераторы уақытша істен шыққан.

«Соның салдарынан «Атырау жарық» АҚ-ның электр желісін тұтынып отырған Атырау қаласының сол жағалау бөлігі, Жылыой, Индер, Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы және Мақат ауданарының кей бөлігі уақытша электр желісінен ажырап қалды. Қазір аталған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шұғыл жүргізіліп, біртіндеп іске қосылуда», -дейді Константин Чернохаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында электр қуаты өшіп қалғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар