Атырау облысында екі күнде 1264 адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі күнде 1264 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 18-19 қыркүйекте вакциналардың І компонетін 1 264 адам салдырған. Ақпан айынан бері вакциналардың I компонентін 217 372 адам ектірген. Вакциналардың ІІ компонентін алғандар саны 171 159 адамға жеткен.

«Өткен тәулікте 75 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды. Қазір 1 534 адам үй жағдайында, ал, инфекциялық стационарларда 433 науқас емделіп жатыр. Жансақтау бөлімінде 34 науқас оқшауланды. Оның ішінде 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Корнавирус инфекциясынан 5 адам қайтыс болды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам адам салдырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар