Атырау облысында дәріханалардың жұмыс уақыты өзгерді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында дәріханалардың жұмыс уақыты ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік жедел штаб таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұдан былай дәріханалардың жұмысы кешкі сағат 22:00-ге дейін созылады.

«Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгеріске сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханаларға таңертеңгі сағат 08:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына енгізілген өзгеріске орай букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.

Бұдан бұрын Атырауда дүкендер мен дәріханалардың жұмыс уақыты өзгергенін хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар