Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл деректі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытгүл Хаменованың мәлім етуінше, Атырау облысының «жасыл» аймақта өткеніне үш аптадан асқан.

«Бірақ, босаңсуға болмайды. Коронавирус инфекциясының қауіптілігі сонша, бұл науқасты өте ауыр жағдайға түсіреді. Оны жұқтырған адам кез-келген уақытта өмірден өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан, облыс басшылары өңірдегі эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауында ұстап отыр. Қазір Атырау облысында инфекциялық ауруханада төсек-орын саны жеткілікті, дәрі-дәрмек қоры бар. Біздің өңір коронавирус инфекциясына қатысты кез келген жағдайды реттеуге дайын» - деді Бақытгүл Хаменова.

Оның айтуынша, қауіпті вирустың алғашқы дерегі тіркелгеннен бері Атырау облысында 51 975 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 51 088 науқас коронавирус инфекциясынан сауығып шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеген болатын.


Соңғы жаңалықтар