Атырау облысында биыл 5 мектеп пен 3 балабақша пайдалануға беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 10 мектеп пен 5 балабақша салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәслихат сессиясында мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта облыста 12 мектеп үш ауысыммен жұмыс істейді. Бұл мектептерде 23 992 оқушы білім алады. Аталған мәселені шешу үшін ​ 3 000 орындық ​ 4 мектептің​құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, 1 800 орындық 3 мектеп салу жоспарланып отыр. Бес апатты мектептің біреуінің құрылысы 2020 жылы, екі осындай мектептің құрылысы 2022 жылы аяқталады. Тағы осындай екі мектептің құрылысы жоспарлануда», -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, биыл 5 мектеп пен 3 балабақша пайдалануға беріледі. Ал, алдағы жылы 5 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы аяқталады.

Атырау облысында балаларды балабақшамен қамтуда да ілгерілеу бар. Бүгінгі таңда 1-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 65 пайызды, 3-6 жастағы балаларды қамту 100 пайызды құрады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 470 мұғалімнің жетіспейтіні белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар