Атырау облысында бір тәулікте 48 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте 48 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 48 адамнан коронавирус инфекция расталған. Оның ішінде Атырау қаласынан 10 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 1, Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Науқастардың басым көпшілігі Теңіз кенішіндегі жұмысшылардан анықталып отыр. Мұнда 36 адамнан қауіпті вирус белгісі табылған.

«Covid-19 инфекциясы 10 науқаста симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 50 адам емделіп шықты. Қазір 150 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 80, аудандардағы стационарларда 16 адам ем қабылдау үшін оқшауланды. Ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 310 адам ем қабылдап жатыр» деп мәлім етті басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 6 күнде 721 педагог вакцина салдырғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар