Атырау облысында бір күнде 480 адам коронавирусқа шалдықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде коронавирус инфекциясына 480 адам шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласы қауіпті вирусты жұқтырудың ошағына айналып отыр.

«Өткен тәулікте Атырау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 406 жағдайы расталды. Теңіз кен орнында 45 науқас анықталды. Индер ауданында 10, Құрманғазыда – 10, Қызылқоғада – 6, Жылыойда – 1, Мақатта – 1, Махамбет ауданында 1 адамнан қауіпті вирус белгісі табылды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір үй жағдайында 3 839 адам оқшауланған.

Аудандардағы инфекциялық стационарларда - 374, Теңіз кенішіндегі стационарда - 240, модульдік ауруханада - 207, ал, №2 облыстық ауруханада - 197, кардиологиялық орталықта - 106, теміржол ауруханасында - 93, фтизиопульманологиялық орталықта 87 пациент емделіп жатыр.

Еске сала кетелік, Атырауда коронавирус жұқтырғандар резервтегі жатақханаға орналастырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар