Атырау облысында бір ауданда екі адамды пышақтап өлтірген

None
None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Атырау облысында бір ауданда екі адам өлтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Боранбай Ғалиевтің хабарлауынша, демалыс күндері Мақат ауданындағы Доссор ауылында алғашқы адам өлімі болған, онда екі жас арасында болған жанжал кезінде тараптардың бірі екіншісін пышақтап тастаған. Жапа шегуші алған пышақ жарақатынан көз жұмған. Осыған ұқсас екінші жағдай аудан орталығы – Мақат ауылында болған. Мұнда дауласқандардың бірі ер адамға пышақ сұғып алған.

«Мақат аудандық соты кісі өліміне қатысты екі күдіктіні қамауға алуға санкция берді», - деп хабарлады Б. Ғалиев.

Полиция органдары екі ер адамның өліміне қатысты тергеу жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар