Атырау облысында бетон қоршауға соғылған көлік жүргізушісі көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан көлік жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Жылаой ауданындағы Құлсары қаласында болды. Бастапқы мәлімет бойынша Армения нөмірі бар «Мерседес» көлігінің жүргізушісі рульге ие болмай бетон қоршауға соғылған.

Өкініштісі, дәрігерлер жүргізушіні құтқара алмады. Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Авторы А. Соколов

Соңғы жаңалықтар