Атырау облысында бес айда 6,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында бес айда 6 561 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоба шеңберінде 23 адам алғашқы жұмыс орнына жіберіліп, 44 адам қайтарымсыз грантқа ие болды. Ал, 157 адам қысқа мерзімді онлайн оқуға қатысты. Жастар тәжірибесіне 135 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына 355 адам жіберілді», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

Оның айтуынша, 2 641 адам қоғамдық, 3 206 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Азамат Мәмбетовтің мәліметіне сүйенсек, биыл ұлттық жоба аясында тұрғындарды жұмыспен қамтудың 10 қадамдық алгоритмі бекітілген. Алгоритмге сәйкес іс-шаралар ақпараттық жүйе арқылы да іске асырылады. Осы мақсатта www.enbek.kz электронды еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс істейді. Сондай-ақ, электронды еңбек биржасында онлайн жәрмеңкелер ұйымдастыру көзделіп отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жыл басынан бері 4 923 адам тұрақты жұмысқа орналасқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар